04 Қаңтар, 2020 Оқиғалар
Zakon.kz
Ақмола облысының Бұланды ауданында тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды. Бұл ақпаратты Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, өрт қаңтардың 3-де кешкі сағат 18.05 шамасында Отрадное ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған.
"Өрт 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Үй ішінен 65 жастағы үй иесі мен 56 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Учаскелік полиция қызметкерінің айтуынша, екеуі де алкогольді ішімдікке әуес болған" - делінген төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Ведомствоның түсіндіруінше, өрттің шығуына от жағу кезінде қауіпсіздік ережесінің сақталмауы себеп болған. Оқиға орнына өртке қарсы қызмет шақырылмаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір