23 Желтоқсан, 2019 Спорт
Qamshy.kz
Кеше Алматы қаласында Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елдос Жұмахановтың жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті. Жарысқа Қазақстанның түкпірінен-түкпірінен барлығы 27 команда қатысты. 2007-2008 жылдары туған 250 жасөспірім дзюдошы жарыс жеңімпазы атану үшін татамида барын салды.
Байрақты бәсекеге Елдостың туған жері Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының жасөспірім дзюдошылары арнайы келіп қатысты.
Алматы қаласы, Жетісу ауданының әкімі, белбеу куресінен «Халық Барысы», қазақ күресінен «Алматы Барысы» турнирінің жеңімпазы Қиқымов Мақсат Сәкенұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жұмақанов Елдостың жеке бапкері Қалиев Сейдолла, дзюдодан әлем чемпионы Максим Раков, дзюдан Еуропа Кубогының жеңімпазы Оразалин Нұрлан, дзюдодан «Темир Дос» спорт кешенінің аға жаттықтырушысы Аязбеков Дүйсен, Жаңа-ауылдан дзюдо жаттықтырушысы Біржан Көпжасаров жарыстың құрметті қонақтары болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есептегі бірінші орынға Алматы облысы Қарасу спорт клубы командасы ие болды. Екінші орынға Қараганды облысының командасы табан тіреді. Жүлделі үшінші орынмен Алматы қаласының «Лашын» спорт клубы марапатталды.
Елдос Жұмаханов туған жері Тарбағатайдан келген дзюдошыларға 10 кимано сыйға тартты.
Жарыс жеңімпаздарына медаль, кубок, ақшалай сыйлықтар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Елдостың ата-анасы отбасының атынан осы жарыстың өтуіне ұйытқы болған Жетісу ауданының әкімі Қиқымов Мақсатқа, жарысқа демеуші болган кәсіпкер азаматтар: Алмас Мұқажан мен Марат Оспанға зор алғысын білдірді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір