• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 19:29:43
Алматы
+12°

Сот Шымкенттегі дәрігерді ақтауға үкім шығаруға міндетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы жоғары соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 

"Қылмыстық сот төрелігінде мынадай негізгі қағида бар: тағылған айып заңда көзделген тәртіп бойынша дәлелденбесе, адам кінәсіз деп саналады. Осы ретте қылмыстық кінәні дәлелдеу айыптаушының міндетіне жатады.

Осы іс бойынша сот тергеу органдарынан дәрігердің кінәсін растайтын жеткілікті айғақтар алған жоқ. Сондықтан да сот ақтау үкімін шығаруға міндетті. Заң бойынша басқа шешімнің болуы мүмкін емес. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жәбірленуші тарап бұл шешімді жоғары сатыларда даулауға құқылы. Осыған байланысты сот органдары атынан істің мән-жайын ашып көрсететін қандай да бір комментарий беруге болмайды. Оның үстіне әңгіме зорлауға қатысты болып отыр. Бұл санаттағы істер соттарда жабық режимде қаралады.

Неліктен ешкімге түсіндірудің қажеті жоқ. Өйткені бұл іс ондағы негізгі тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар олардың отбасына, жақындары мен балаларына да қатысты.

Осы орайда БАҚ өкілдерін, қоғам қайраткерлері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тараптардың жеке өмірінің құпиясына көлеңке түсіретін қандай да бір жарияланым жасаудан бас тартуға шақырамын" делінген жазбада. 

Еске салсақ, Шымкентте ауруханалардың бірінде нефролог дәрігер «өз әріптесін зорлады» деген күдікке ілінген еді. Зорлық көрген келіншек әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасына арыз берген. Алайда көп ұзамай қылмыстық құрам мен дәлел жоқ деп іс жабылған. Бұл туралы «НеМолчи» қоғамдық қорының өкілдері хабарлаған еді. Сол түрткі болып, өткен айда іс қайта қарауға алынып, күдікті қамауға алынған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір