• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:52:18
Алматы
+12°

07 Қазан, 2019 Оқиғалар

Кеше, қазанның 6-ы күні түнде Алматыда көлік апаты болып, бір адам қаза болды. Ал жетеуі түрлі жарақат алды. Оқиға салдарынан кейін "BMW" маркалы автокөліктің жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің хабарлауынша, 28 жастағы "BMW" жүргізушісі Әйтеке би көшесімен батыс бағытқа қарай келе жатып, Желтоқсан көшесімен қиылысқан жердегі "Жол беріңіз" белгісіне назар аудармай  өтіп кеткен. Салдарынан  "Volkswagen Touareg" және "Renault Logan" маркалы автокөліктерін соғысқан.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған жол апатына  кінәлі ретінде "BMW" жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігіне (жол ережесін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес жүргізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір