• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:51:10
Алматы
+35°

02 Тамыз, 2019 NEWS

"Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасарынан қорлық көрдім" деп отырған кімдер?

Заң бойынша жұмыс жасап, соттан әділдік іздеп отырған жандар бізге өзінің басынан өтіп жатқан қара бұлт басқан күндерді баяндап, видео жолдаған болатын. 

Түркістан облысы Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Сабаншиев Манас Мәжітұлына қатысты келеңсіз мәселе Qamshy.kz ақпарат агенттігінің WhatsApp желісіне келіп түсті. 

Қысқаша түсіндіріп өтер болсақ, түйіні тереңде жатқан, күрмеуі оңай, шешілуі қиын жағдай екенін аңғаруға болады. 

"Мен Бейсембева Күлнар Сапарқызы. Маған тағылған айыптың жалған екенін біле тұра Шымкент қаласының  прокуроры және қала прокуроры өз қызметтерін асыра пайдаланып, мені күні-түні шақырып, қорқытты. Мені жалғызбасты ана деп санамай, қызым Камиланы өлімге итермеледі. Өзім дәрігер қарауында болып қалдым. Қала прокурорының бірінші орынбасары Сабаншиев Манас бастаған топ өзінің жерлесі, туысы Шыныбаев Ерланды жақтап отыр. Сондықтан ұйымдасқан топты әшкерелеп, қатаң жаза тағайындауыңызды сұраймын. Құрметті Қасым-Жомарт тоқаев мырза! Менің жеке басымды қорғау мақсатында ісімді Бас прокурордың қадағалауына ұсынуыңызды өтінемін. Президент ретінде бұл мәселені өз қадағалауыңызға алуыңыз дұрыс" ,- делінген бізге келіп түскен ақпаратта. 

Күлнар Сапарқызының қызы Жұмашева Камила Жандарбекқызы ақиқатты іздеп жүріп, жасалған қысымға шыдай алмай өз-өзіне екі рет қол жұмсаған. Соңғы алты айдан бері әділеттілікке қолы жете алмай жүргендігін айтып, президентке де арнайы  видео жолдағанды.

"Президенттің, Бас Прокурордың , Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар агенттігі мен ҰҚК-ның назарына. Шымкент қаласы тұрғыны жалғызбасты ана Бейсембаева Кулнар Сапарқызына қала прокуратурасы, ПД ӨҚБ тарапынан қысымдар көрсетіліп жатыр. Себебі, мені К.Бейсембаеваның қызы Камиланы қалалық прокуратура қызметкерлері шақырып алып "Тұрғын үй" басшысына пара беру фактісімен ұйымдасқан қылмыс жасауға шақырды. Прокурор қызметкерлері бізге ақша және видое т.б заттармен барып, "М.Мұхаметжан деген азаматты ұстап беруді" айтады. Бұған анам екеуіміз түбегейлі қарсы болдық.
Сосын қала прокурорының орынбасары Сабаншиев Манас және туысқан інісі, жерлесі болып келетін Е. Шыныбаев бастаған топ тарапынан қысым көрсетіле басталады. "Жақсылықпен айттық көнбедіңдер,  енді сені де қылмыскер етеміз" деп айыптауды бастады. Сосын К.Бейсембаеваны 48 сағатқа қамауға алды. Ешбір дәлел, айғақтарсыз қылмыскер деп айып тағады. Сол қорғаушылар арқылы қала прокурорына, әкіміне, сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес орталығына, барлық құзырлы органдарға арыз тастадық. Бірақ барлық құзырлы органдардан теріс жауап келді, Демек олар бізді  қабылдамай отыр. Қарапайым халық болып "бұл елде заң бар, құқық қорғау органдары бізді қорғайды"- деп жүрсек,  бұл орган қызметкерлері бізді қинап, өз білгендерін істеп жатыр?",- дейді  Камила Жандарбекқызы. Сонымен қатар, Күлнар Бейсембаев Президентке шағым жолдады.

"Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевқа Астана қаласы, Ақорда

                           

Көшірмесі:     Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.У.Маминге

Көшірмесі:        Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы Б.А.Сағынтаевке

Көшірмесі:       Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі Г.Д.Нұрдәулетовке

Көшірмесі:       Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бастығы К.К.Масимовке

Көшірмесі:      Қазақстан Республикасының Ішкі Министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З.Тұрғымбаевқа

Көшірмесі:      Шымкент қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі М.А.Қожабаевқа

Көшірмесі:       Шымкент қаласы ҚПД-нің бастығы полиция полковник Е.М.Джумаханбетовке

                    

Азамат Бейсембаева Кулнар Сапаровнадан, 27.01.1967 жылы туылған

Шымкент қаласы, «Қайтпас-1» мөлтек ауданы, Сарыжайлау көшесі №1 үй тұрғыны, ұ.т.87072349066

 

                                                                    

                                                                                           Ш А Ғ Ы М

 

        Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

 

          Сізге Қазақстан Республикасы Президентіне, Конституция кепілі ретінде, осы шағыммен жүгінуіме келесі себептер болып отыр. Жақында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында мен Сізге дауыс бердім.

            Казіргі таңда Шымкент қаласы ПД-нің ТБ-нің тергеушісі Н.Рахимовтың өндірісінде, маған яғни  Бейсембаева Кулнар Сапаровнаға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен тағылған айып бойынша, №1197900011000007 саңды қылмыстық іс қозғалып қаралуда.

           Аталған қылмыстық іс-материалдарымен танысу барысында тергеу тарапынан бір қатар процессуалдық заң нормаларының өрескел бұзылу фактілер орын алған, және маған К.С.Бейсембаеваға жәбірленуші Е.Шыныбаевтың арызы негізінде, ҚР ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша тағылған айыпты заңсыз, негізсіз деп санаймын және ол келесі себептермен тоқтатуға жатады деп есептеймін:

  1. Алғашқы рет жәбірленуші Е.Шыныбаев 28.09.2018 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби ПБ-нің бастығы С.Сейітханның атына жазған арызында, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры М.Мухамбетжан мені алдап, кепілдік ретінде 7 000 000 теңге ақшаны нақты беру керек деп, алдап кетті деп жазған, «Но после внесения данную сумму М.Мухамбетжан не изволил себе оформить по закону залога, не дав ни чека ни квитанцию и ни каких подтверждающих документов. У меня появилось подозрение о том, что он незаконным путем взял мои деньги и присвоил для своих нужд. Так как, я узнал позже, что никаких залоговых обязательств на требовалось, и привлечь к ответственности М.Мухамбетжана в рамках закона», деп көрсеткен.

         Алайда, оның бұл арызы бойынша тергеу органдары тарапынан қандай да бір процессуалдық шешім қабылданғаны бізге бемәлім болып тұр.

         Содан соң, арадан 6 ай өткен соң, яғни 12.03.2019 жылы жәбірленуші Е.Шыныбаев Шымкент қаласының прокурорының атына арызданып, онда «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры М.Мухамбетжан мен оның сыбайластары Идрисов Нуржанмен Гульнара есімді айел 2016 жылдың қараша айымен 2017 жылдың тамыз айлары аралығында менен алдау арқылы 7 000 000 теңге алған. Сонымен бірге 2018 жылдың тамызында М.Мухамбетжан маған Н.Идрисов арқылы мені сендіру үшін жалған келісім шартті берді, оған 18.05.2018 жыл деген өтірік дата қойып берді», деп көрсеткен.

          Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 187 бабының 4-1 тармағына сай, ҚР ҚК-нің 190 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1),3) және 4) тармақтарында, төртінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеуді ішкі істер органдары жүргізеді, деп көрсетілген.

         Алайда, осы процессуалдық заң нормаларын сақтамай, өрескел бұза отырып, Шымкент қаласының арнайы прокуратурасының аға тергеушісі Б.Нарқозиев, осындай санаттағы құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеуді ішкі істер органдары жүргізетіндігін жақсы біле тұра, осы іске қызығушылық танытып, 12.03.2019 -26.04.2019 жыл аралығында заңсыз тергеу амалдарын жүргізген.                                                        

         Маған, яғни К.С.Бейсембаеваға жәбірленуші Е.Шыныбаевтан 7,7 млн теңге ақшаны алғаны жөнінде ешқандай дәлелдеме болмаған соң, маған  айып тағу үшін, тергеуші Б.Нарқозиевтің 13.03.2019 жылғы Шымкент қаласы ПД-нің ӨҚБ-нің қызметкерлеріне К.С.Бейсембаеваға қатысты жасырын тергеу әрекеттерін ЖТӘ-1 жүргізу туралы жеке тапсырмасы негізінде, Е.Шыныбаевпен менің арамыздағы жазып алынған «Самал» базарындағы әнгімесінің стенограммасы, маған айып тағуға негіз болып отыр.

          Алайда, осы жасырын жүргізген жазудің стенограммасында  және Шымкент қаласы бойынша сот сараптамалары институты сарапшыларының 15.05.2019 жылғы №1417 саңды қорытындысында, менің жәбірленуші Е.Шыныбаевтан 7,7 млн теңге ақшаны алғаны жөнінде, және маған қатысты мүлдем ешқандай әнгіме жоқ, деп санаймын. 

          Осы жасырын тергеу әрекетінің ЖТӘ-1 жазылуы негізінде, маған қатысты 10.04.2019 жылғы тергеуші Б.Нарқозиевтің хаттамасы негізінде, ҚР ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша негізсіз айып тағылып, ол Шымкент ҚПБ УҰИ-на жабылдым, және ол жерде 2 тәулік заңсыз және негізсіз абақта отырдым.

          Содан тергеуші Б.Нарқозиевтің 12.04.2019 жылғы «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау жөніндегі өтінішхатті қозғау туралы қаулысы негізінде, Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының 12.04.2019 жылғы қаулысымен маған «кепіл» бұлтартпау шарасы санкцияланып қолданған. Сонда, не себептен мен өзімнің Шымкент қаласында тұрғылықты мекенжайы бола тұра, бұрын сотты болмаған, отбасылы бола тұра Шымкент ҚПБ УҰИ-да 2 тәулік не үшін отырдым???

          Сондай-ақ, Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары М.Сабаншиевтің 26.04.2019 жылғы қаулысымен маған К.Бейсембаеваға қатысты ҚР ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен тағылған айып бойынша №1197900011000007 саңды қылмыстық іс, ҚР ҚПК-нің 187 бабының 4-1 тармағын бойынша, ҚР ҚПК-нің 193 бабы 1 бөлігі 12 тармағына сай, қылмыстық істің толықтығы мен жан-жақты тергеу жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында тергеп-тексеруді Шымкент қаласы ПД-не тапсыру қажет деп жолдаған.

         Сонда, Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары М.Сабаншиев не себептен алдын ала осы қылмыстық істің қаралуы ішкі істер органдарының құзыретіне жатадындығын жақсы біле тұре, және 1,5 ай аралығында Шымкент қаласы прокуратурасының тергеушісі Б.Нарқозиев заңсыз тергеу амалдарын жүргізіп, қызығушылық танып отырма деген сұрақ туындап отыр???

         Ал енді, осы қылмыстық іс Шымкент қаласы ҚПД-нің ТБ-нің  тергеушісі Д.Доскуловтың өндірісіне 02.05.2019 жылы берілген, содан ол тек қана 16.05.2019 жылы К.Бейсембаевадан қосымша жауап алған, және одан бөлек ешқандай тергеу амалдарын жүргізбей, қылмыстық істі сотқа негізсіз жолдап отыр.

         Менің шағымым бойынша тергеуші Д.Доскуловтың аталған қаулысы бұзіліп, іс қайтадан Шымкент қаласы ПД-нің ТБ-нің тергеушісі Н.Рахимовтың өндірісіне берілген.

  1. Ал, енді, істің мәні бойынша қарайтын болсақ, жәбірленуші Е.Шыныбаев алдын ала тергеу барысында әр-турлы жауаптар берген. Атап айтқанда М.Мухамбетжанмен 08.04.2019 жылы беттестіру кезіндегі хаттамаға сай, ол 2016 жылдың қараша-желтоқсан айында мен С.Оспановтан Шымкент қаласында қандай объектілер бар екенін білуге келдім, деп көрсеткен.

         Сонымен қатар, Е.Шыныбаевтың 10.04.2019 жылы менімен беттестіру кезіндегі хаттамаға сай, ол 2016 жылдың қараша айының сонында құдам Оспанов Сакен хабарласып, Шымкент қаласында тендер бар соған қатысасыңба деп сұрады. Содан желтоқсан айында Шымкент қаласына келдім, деп көрсеткен. Кулнар маған ескі үйлердің сыртың модернизациялау арқылы құрылыс жұмыстарын жүргізесін деді. Қатысу үшін не істеу керек дедім, Кулнар алдын ала ақша беру керек деді. Сол кезде есептеп алдын ала 5,7 млн. теңге беруім керек деді. Содан Кулнарға жартысын берейін дедім. Кулнар маған жартысын беруге келісті. Алматыға барып келейін дедім. Сол күні Алматы қаласына шығып кеттім. Арасында бір аптаның ішінде 2,5 млн. теңгемен Шымкент қаласына келіп, Таукехан мен Қазыбек би көшесінің қийылысында Тойота Прадо автокөлігінде 2,5 млн. теңгені Кулнарға қолма қол бердім, деп көрсеткен.

          Сондай-ақ, Е.Шыныбаевтың М.Мухамбетжанмен 08.04.2019 жылғы беттестіру хаттамасында, ол «Шамамен 1-2 апта өткеннен кейін Кулнар менің телфоныма хабарласып, Шымкент қаласында объектілер шығып жатыр жұмыс жасайсың ба деп сұрады, жасасаң алдын-ала 2,5 млн. теңге беру керек деді. Шамамен 1-2 күннен кейін, мен Шымкент қаласына барып, Кулнармен Таукехан мен Қазыбек би көшесінің қийылысында Тойота Прадо автокөлігінде 2,5 млн. теңге соммасындағы ақша қаражатын 5 000 теңгелік купьюраларымен санап бердім де Алматыға кетіп қалдым», деп жауап берген. Яғни, жәбірленуші Е.Шыныбаев екі түрлі жауап беріп отыр деп санаймын.

          Одан бөлек, Е.Шыныбаевпен М.Мухамбетжан арасындағы беттестіруде «2017 жылдың қантар айында Кулнар маған ұялы телефоныма хабарласып, келісім-шарт жасалды, тағы 2,5 мнл.теңге алып кел де, келісм шартыңды алып кет деді. Мен қуанып кетіп қандай объект деп сұрағанда. Ол маған 2 үйдің модернизациясын алып қойдық деді. Менің берген 5 млн. теңгемді «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры М.Мухамбетжанға бергенін айтті», деп көрсеткен.

          Ал, енді Е.Шыныбаевтың менімен 10.04.2019 жылғы беттестіруінде, «Сонымен 2017 жылдың қантар айында Кулнар тағы да хабарласып, тағы да 2,5 млн. теңге  әкеп таста, әйтпесе тендерге кезекте тұрған адамдар көп, ала алмай қаласын деді. Сол жартысын беріп қойғаннан соң, ақшам қайтпай қалама, жұмыс болмай қала ма деп ойлап, Кулнарға тағы да 2,5 млн. теңгені әкеп беруге мәжбүр болдым. 2017 жылдың қантар айында 2,5 млн. теңге әкеп бердім», деп көрсеткен. 

          Яғни, Е.Шыныбаевтың осы берген жауаптары бір-біріне қарама-қайшы деп санаймын. Одан бөлек, Е.Шыныбаев осы 2017 жылдың қантар айында Шымкент қаласының қай жерінде маған, яғни К.Бейсембаеваға екінші рет 2,5 млн.теңгені бергенін нақты көрсетпеген???  Яғни, жәбірленуші Е.Шыныбаев тарапынан тек қана оның сөзінен бөлек, К.Бейсембаеваның одан 5 млн. теңге алғаны жөнінде ешқандай дәлелі жоқ, ол тек қана Е.Шыныбаевтың болжамы деп санаймын.

          Сондай-ақ, жәбірленуші Е.Шыныбаевтың өзінің тұған інісі Шыныбаев Бағлан арқылы 2017 жылдың шілде айының сонында менің қызым Жумашева Камилаға 700 000 теңге бергені бізде үлкен күмән тудырады. Себебі, оғанда Е.Шыныбаевпен оның інісі Б.Шыныбаевтың сөзінен басқа ешқандай дәлел жоқ, олда тек қана болжам деп санаймын???

          Одан бөлек, алдын-ала тергеу барысында, не себептен Е.Шыныбаев маған, яғни К.Бейсембаеваға «есептеп алдын ала 5,7 млн. теңгені» не үшін және қандай тендер үшін беру керектігі мүлдем анықталмаған.

           Сонымен қатар, Е.Шыныбаевтың маған көшедегі су жүретін каналдарды тазалау үшін М.Мухамбетжанға 2 млн. теңге беру керек, сол күні  1 млн.теңге Кулнарға үйден ақша алып шығып бердім. Ертесіне Кулнар тағы да хабарласып жолығайық деді. Мен сол үйде дедім. Сол мекенжайға Кулнар келіп, 1 млн. теңге аз тағы да 1 млн. теңге беру керек деді. Кулнардің сөзіне сеніп, үйден 1 млн. теңге алып шығып бердім. Кулнар ақшаны алып кетті, деп көрсеткен.

          Яғни, жәбірленуші Е.Шыныбаевтың маған көшедегі су жүретін каналдарды тазалау үшін 2 млн.теңге алғандығыда тек қана оның сөзі бойынша болжам, және ол ешқандай дәлелдемемен қуатталмайды, деп санаймын.

  1. Сондай-ақ, осы қылмыстық іс жан-жақты, объективті турде жүргізілмеген деп санаймын. Себебі, іс бойынша көп қарама-қайшылықтар орын алып отыр. Атап айтқанда, менімен куә М.Мухамбетжан арасында, және менімен куә С.Оспанов арасында беттестіру амалдары жүргізілмеген. Куә С.Оспанов өзінің жауабында К.Бейсембаева Е.Шыныбаевтан алған ақшасын серіктестіктің бұрынғы директоры М.Мухамбетжанға бергенін маған айтті, деп көрсеткен. Алайда, бұған оның сөзінен бөлек ешқандай дәлел жоқ.

          Одан бөлек, С.Оспанов Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі тергеуші Б.Наркозиевтің үстінен арызданып, оның алдын-ала тергеу барысында берген жауаптарын бүрмалап жазғандығын көрсеткен.

          Сонымен қатар, менің 18.05.2018 жылғы «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-мен «Жас талап 2007» ЖШС-гі арасындағы Шымкент қаласы, Қаратөбе тас жолы №38 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 16 180 000 теңге құрайтын келісім-шартқа ешқандай қатысым жоқ. Себебі, Е.Шыныбаев өз жауабында осы келісі-шартты М.Мухамбетжанның көмекшісі Идрисов Нуржаннан өзі алғанын көрсетіп отыр. Ал, Н.Идрисовтан осы қылмыстық іс бойынша жауап алынбаған.

         «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің кәзіргі директоры А.Т.Бекжигитовтың 10.04.2019 жылы №150 саңды жауап хатында, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-мен «Жас талап 2007» ЖШС-гі арасында 2017-2018 жылы Шымкент қаласы, Ақназархан көшесі, №47 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін үш жақты келісім шарт түзілмеген және серіктестікке тіркелмеген. Алайда, аванс ретінде «Жас талап 2007» ЖШС-нің есеп-шотына 12.06.2017 жылы 3 300 000 теңге ақша  аударылған деп көрсеткен.

          Одан бөлек, «Жас талап 2007» ЖШС-мен «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-гі және тапсырыс беруші Шымкент қаласы, Абай көшесі, №8 үйінің кондоминиум объектісінің басқару органымен 12.06.2017 жылы көп қабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 16 129 290 теңгеге келісм-шарт түзіліп, «Жас талап 2007» ЖШС-нің есеп-шотына 14 211 926 теңге аударылған деп көрсетілген. Яғни, жалпы аталған серіктестіктің есеп-шотына 17 511 926 теңге аударылған. Алайда, «Жас талап 2007» ЖШС-гі тарапынан жөндеу жұмыстары толығымен орындалмаған.

          Сонда, менің жоғарыда аталған екі объектіге қандай қатысым бар деген сұрақ туындайды, және не себептен Е.Шыныбаев маған 5,7 млн. теңгені пара ретінде беруі керек??? Менің «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-гі тарапынан «Жас талап 2007» ЖШС-нің есеп-шотына аударған 17 511 926 теңге ақшаға қандай қатысым бар??? Сондай-ақ, Е.Шыныбаевтың қолында менен 7,7 млн. теңге ақша алғаны жөнінде ешқандай қолхат немесе жазба турде дәлел ретінде бірде-бір құжат жоқ.

           Осыған байланысты, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! маған, яғни К.С.Бейсембаеваға қатысты ҚР ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша қозғалған №1197900011000007 саңды қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Президенті ретінде өз қадағалауынызға алуынызды өтінемін, және менің жәбірленуші Е.Шыныбаевтан 7,7 млн. теңге ақша алғанының дәлелденбеуіне байланысты, ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сай, қылмыстық істі тоқтату жөнінде нұсқау беруінізді, сондай-ақ, заң нормалаларын бұзған тұлғаларға тиісті шара қолдануынызды сұраймын.

         

            

Құрметпен,                                                                                       К.С.Бейсембаева

 

                                                                                                            21.06.2019 ж.                                                        ",- делінген құжат күйінде жолданған шағымда.

 

Өзінің құқығы бұзылғандығын алға тартқан қыз президент Тоқаевтан көмек сұрайды.

Осыған байланысты Күлнар Бейсембаеваның қорғаушысы Каримжан Режаметов Шымкент қаласы ҚПД-нің ТБ-нің аға тергеушісі полиция капитаны Н.Рахимовке де өтініш хат жолдаған.

в

а

а

Өтініш хатта көрсетілгендей, анасы мен қызының үстінен жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен қылмыстық іс қозғалып отыр. Әділдікті талап еткен олар 7,7 миллион теңге алды деген сөздің дәлелсіз екендігін алға тартады.

Осыған орай, Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Бас прокуратурадан, екінші тарап Шымкент қаласы прокуратурасынан ресми жауап күтеді., 

Бек Байтас

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір