06 Шілде, 2019 Оқиғалар
Қарағандыда кеншілер ереуілге шықты
Кеншілердің пікіріне сүйенсек кейбір цех басшылары өз лауазымын асыра пайдаланған.
Қарағанды қаласында кеншілер ереуілге шықты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бүгін Шұбаркөл көмір АҚ көмір өндіретін компаниясында 200 жұмысшы жұмысқа шығудан бас тартты. Жұмысшылар бірнеше басшыларды жұмыстан бостауды және еңбек шарттарын өзгертуді талап етті.
Біраздан соң оқиға орнына компания президенті Андрей Сафонов келді. Кеншілердің пікіріне сүйенсек кейбір цех басшылары өз лауазымын асыра пайдаланған.
Компанияның баспасөз қызметі кейбір басшылардың жұмыстан шеттетілгенін хабарлады. Сондай-ақ қалған мәселелерді шешу үшін арнай ыжұмыс тобы құрылды.
Қазір аталмыш компанияның жұмысшылары өз қызметіне оралған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір