01 Шілде, 2019 NEWS
Ғалымдар болжамы: 2019 жылы аптап ыстықтан мыңдаған адам қаза болады
Бірнеше жылдар бұрын 40 градус Цельсий температурасының тіркелуі - айтулы құбылыс еді.
БҰҰ-ның бүкіләлемдік метеорологиялық бөлімінің айтуынша, 2015 жылдан 2019 жылға дейінгі аралық адамзат тарихындағы ыстық температурадан рекорд орнатқан.
2019 жылғы аптап ыстыққа Гренландия мен Еуропаның солтүстік, орталық бөлігіндегі екі облыстың ауа қысымының артуы себеп болған. Олар оңтүстіктен келетін салқын ауаны тоқтатып, африкалық және испаниялық дала жазықтарынан ыстық ауа туғызатын циклон тұруына алып келеді. Нәтижесінде әлемде температуралық рекордтар орнай бастайды.
Бірнеше жылдар бұрын 40 градус Цельсий температурасының тіркелуі - айтулы құбылыс еді. Ал жаһандық жылылық орнай бастаған кезде бұл көрсеткіш күнделікті, қалыпты әрі созылмалы болмақ.
Еуропалық ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, 2019 жылдың жаз айларында аптап ыстықтан мыңдаған адам қаза табуы ықтимал.
Францияның оңтүстік-шығысындағы төрт департаментте қауіптің қызыл деңгейі жарияланған. Испанияның да 19 провинциясында 40 градустан жоғары ауа-райы жоспарлануда. Қауіптің қызыл деңгейі екі облыста жарияланған.
Ыстық аптап Еуропаның Испания, Италия, Германия, Бельгия және Швейцария сынды елдерінде күтілуде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір