• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:54:33
Алматы
+12°

28 Маусым, 2019 Саясат

Грузия Әблязовты "тоқпақтап" жатыр

Қазақстанда шектеу қойылған партияның жетекшісі Мұхтар Әблязов «Грузияның құрметті азаматы» атағынан айырылды.

2019 жылдың 13-мамыры күні Грузия мемлекеті Мұхтар Әблязовты «Ар орденінен» айырып тастады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Грузия президенті Саломе Зуравишвилидің үстіміздегі жылдың 13-мамырында шыққан бұйрығына сәйкес, осы уақытқа дейін өзге елде сыйлы атанған Мұхтар Әбіләзовті мемлекеттік сыйлықтың иегері атағынан айырды.

"Грузия заңнамасына (5.1, «Мемлекеттік сыйлықтар мен атақтар туралы») сәйкес, Мұхтар Әблязов "Ар ордені" сыйлығынан айырылсын", - делінген бұйрық мәтінінде.

Демократияның жаңа көрінісін көрсетуге талпыныс жасап отырған мемлекет революциядан кейін мемлекетінің қаржысын жымқырып, арандатушылықтар ұйымдастырып, елден қашып жүрген өзге елдің азаматына бұрын берілген сыйлықтан айыруға шешім қабылдаған.

Е. Тәтішевтің өліміне және жемқорлық фактілеріне қатысты Әблязовтың үстінен қозғалған істерді тыңғылықты зерттеген Грузия президенті осындай шешім қабылдауды жөн көріпті.

Алдағы уақытта Грузия мемлекеті өз елінен "ұры" деп алататылған Мұхтар Әблязовпен ешқандай ортақ әрекет жасамайды және оған пана болмайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір