• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:08:57
Алматы
+12°

25 Маусым, 2019 Саясат

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі "Ақмешітте" болды

Арыстағы апатты жағдайдан кейін оқиға орынына Qamshy.kz ақпарат агенттігінің қос тілшісі жедел аттанған еді. Шымкентке жеткен тілшілер Арыс тұрғындары орналастырылған "Ақмешіт" мінәжат орынына барып, зардап шеккендердің жайымен танысты.

Арыстағы апатты жағдайдан кейін қала тұрғындарын жақын маңдағы Шымкент шаһарына эвакуациялаған. Осыған орай, қала тұрғындарының мешіттегі жай-күйін білмек болған тілшілер арыстықтарға арнайы ат басын бұрды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл жерде бүгін Арыс қаласындағы әскери қоймада болған жарылыстан кейін эвакуацияланған тұрғындар бар. Тұрғындардың көбісі баратын жері жоқтар мен жақындарынан адасып қалғандар. Қазір олар уақытша мешітті паналап отыр. Олар азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Арыс тұрғындарына мешіт маңында әскери қызметкерлер, дәрігерлер және еріктілер көмек көрсетіп жатыр", - дейді Qamshy.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, мешітке орналастырылған арыстықтардың әзірге жағдайы жақсы. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір