• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:02:11
Алматы
+12°

Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Сенек ауылына 50 жыл. Қойнауы құтқа, өрісі малға толы ауыл мерейлі мерекені дүркіретіп атап өтті. Жарты ғасыр тарихы бар ауылдың мерейтойы ошақ бәйге және тай жарыстан бастау алды. Ат спорты додасына өңіріміздің және көршілес облыстардан шабандоздар қатысты. Бәйгеде жеңіске жеткен жеңімпаздарды аудан әкімі Қыдырберді Беков пен аудандық мәслихат депутаты Қалпақ Наурызмағанбетов алғыс хатпен, кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сенек

Бәйгеден кейін Сенек ауылында орталық саябақттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жиында алдымен аудан әкімі Қыдырберді Беков тұрғындарды мерекемен құттықтады. Құрық ауылының әкімі Бауыржан Еркеғұлов ауылдың өркендеп дамуына үлес қосқан бір топ азаматты марапаттап, ауыл тарихында аты қалған, бұрынғы ардагер адамдарға сый-сияпат жасады. Салтанатты жиын ауыл және аудан өнерпаздарының, елге белгілі өнер иелерінің концертіне жалғасты. Сенектің сеңгір көгін әнге бөлеген кеште елдің сүйікті әншісі Тұрғанбай Жайлаубаев, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Марат Жариев және «Джахан» тобы тұрғындарға рухани тамаша кеш сыйлады. Сонымен қатар, қонақтар және ауыл тұрғындары үшін киіз үйлер қалашығы тігіліп, қызмет етті. Ал, алаңда футболдан, қазақ күресі және қол күрестен спорттық жарыстар өтті. СенекСенек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір