• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 01:39:13
Алматы
+12°

06 Маусым, 2019 NEWS

Дәрігер ессіз жатқан емделушіні шұжықпен ұрды (видео)

Белгісіз дәрігер ессіз жатқан емделушіні шұжықпен соққыға жығып, маскүнем деп тіл тигізді

Румынияда белгісіз дәрігер ессіз жатқан емделушіні шұжықпен соққыға жығып, маскүнем деп тіл тигізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Видеода көрініп тұрғандай, емделуші бетіндегі оттегімен демалу маскасымен ессіз жатыр. Бұл уақытта жедел жәрдем фельдшері қолына шұжық алып, “Маскүнем!” деп басынан ұра бастады. 

Видеоға Румыния ІІМ басшысы Кармен Дэн пікір білдірді. 

“Бір адамның қылығы бүкіл мекеменің дәрежесі мен өз қызметін кәсіби жасап жүрген жүздеген адамдарға зардап тигізу мүмкін”, - деді министр.  

Ол фельдшерді тауып, жұмыстан шығаруға талап етуде.  

ТЖ басқарма өкілдері оқиға бойынша тергеу бастады.  

Аударған: Ильдар Адильченов 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: фельдшер Румыния ІІМ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір