05 Маусым, 2019 Оқиғалар
Жанармай құю бекетіндегі жарылыстан жапа шекті
Жарылыс салдарынан 2004-ші жылғы бала жараланды.
Қызылордадағы жанармай құю бекетінің аумағында газ-ауа қоспасы жарылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы брифинг барысында ТЖ жөніндегі комитет төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді.
""Қызылорда-газ" ЖШС-інің автогаз құю бекетінің аумағында автобусқа газ құю кезінде газ жарылысы болды. Өрт тарап кеткен жоқ. Бірақ 2004 жылы туылған Аманұлы қолы мен бетінің күйігімен ауруханаға жеткізілді. Ол газ құю бекетінің клиенті, газ баллонын толтыру үшін кезегін күтіп тұрған", - деді Беккер.
Комитет төрағасының айтуынша, автогаз құю бекеттерінде тұрмыстық газ баллондарды толтыруға тыйым салынады.
"Тұрмыстық газ баллондарын автогаз құятын бекеттерде толтыруға тыйым салынған. Аталған газ бекетінде пайдалану ережелері жиі бұзылған болуы мүмкін, соның салдарынан осындай оқиға орын алып отыр. Қазір автокөлікте газ қолдану кеңінен таралып келеді, соған байланысты стационарлық станциялар орнату бойынша, газбен жүретін көліктердің жабдықталуы бойынша да түйткілдер бар," - деді Владимир Беккер.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір