04 Маусым, 2019 Спорт
Қазақстандық спортшы өзбекстандық қарсыласын жеңіп, әлем чемпионы атанды
Қоян-қолтық ұрыстан Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Қазақстандық спортшы Қазбек Сағын қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Qsport.kz порталына сілтеме жасап.
55 келіде сынға түскен Қазбек Сағын финалда өзбекстандық қарсыласын жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ 60 келідегі Ұлан Мұқашев пен 85 келі салмақтағы Нұрсұлтан Бекбатшаев қарсыластарының бәрін айқын басымдылықпен ұтып, әлем чемпионы атанды.
Айдын Төлепбаев (75кг) пен Серік Абиров (+90 кг) күмісті қанағат тұтса, 65 келідегі Ислам Тұрғанбаев, Жандос Асқарбекұлы 80 келіде, Ердаулет Жеңіс 90 келіде қола жұлдегер атанды.
Ал қыздар арасында Құндиас Сағындықова 75 келіде әлем чемпионы атанса, Аян Тұрсын (50 кг), Асель Жамақаева (+75) күміс жүлдені иеленді. Одан бөлек, Зинаида Белоусова (55 кг), Сора Рохмонова (60 кг), Регина Максимова (65 кг), Әнел Сейтмұрат (70 кг) қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, әлем чемпионатына әлемнің 37 елінен, 207 спортшы сынға түсті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір