• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:52:26
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2019 Саясат

Қосановтың сайлау штабы қолдаушыларына қатаң ескерту жасады (видео)

Бұл жағдайдың бізге зияны тиуі әбден мүмкін, себебі заңға қайшы келетін тұстары бар

9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидат Әміржан Қосановтың сайлау штабы үміткерді қолдаушыларға ескерту жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Facebook желісінде Әміржан Қосановтың сайлау штабының жетекшісі Дәурен Бабамұратов мәлімдеді. Ол өз мәлімдемесінде Қосановты қолдаушыларға "әлеуметтік желілерде әртүрлі мемдер, плакаттар және басқа кандидаттардың ар-намысына тиетін де агитациялық материалдар жасалып, олар шынайы өмірде әр жерге жабыстырыла бастаған" деп, өз кезегінде қолдаушылардың бұл әрекеті Қосановтың сайлау штабына кері әсерін тигізетінін айтты. 

"Құрметті Азаматтар! Сіздердің ерекше қолдауларыңызға раxмет айта отырып, бір мәнді ескерте кетуді жөн санадық. Агитациялық материалдардың дайындалуы заңмен қатаң реттелген. Бұл сұраққа біздің штабта заңгер жауап береді. Дәл сол уақытта әлеуметтік желілерде әртүрлі мемдер, плакаттар және басқа кандидаттардың ар-намысына тиетін де агитациялық материалдар жасалып, олар шынайы өмірде әр жерге жабыстырыла бастаған. Бұл жағдайдың бізге зияны тиуі әбден мүмкін, себебі заңға қайшы келетін тұстары бар. Дәл осындай жағдай рұқсат етілмеген шерулерге де қатысты. Қалыптасқан жағдайда заңсың болып табылатын әрекеттерді әлеуметтік желі беттерінен өшіруді, не өзгертуді сұрауымыз мүмкін. Бұл өтініштерге түсіністікпен қарайсыздар деп сенеміз. Ізгі құрметпен Әміржан Қосановтың сайлауалды штабы", - деді Дәурен Бабамұратов.

Естеріңізге сала кетейік, 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президен сайлауы өтеді. Қазіргі уақытта ОСК тіркеген 7 кандидат сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

♦Оқи отырыңыздар: Халық Қосановқа қаражатын қимай ма?

Qamshy.kz

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір