• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:55:36
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2019 Саясат

Аты шулы атыраулық полицей аттан түсе ме?

Аян Дүйсембаевты қызметтен босатуды сұрады

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан Атырау облысы полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевты қызметтен босатуды сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди бастаған комиссия Атырау облысына барып, даулы мәселені тексерді. Комиссия Дүйсембаевтың қызмет этикасын бұзғанын анықтады",- деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаевқа ұқсайтын адамға бір топ жұрт қошеметпен жылқы мінгізіп жатқан видео желіде тараған болатын. Ішкі істер министрлігі бұл видеодағы адам Аян Дүйсембаев екенін айтып, оның үстінен қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаған.

Ал Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне сыйланған атқа мініп, көпшіліктің сынына қалған полиция департаментінің басшысы қатаң жазаланады деп мәлімдеген.

 

Qamshy.kz

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір