• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:13:34
Алматы
+35°

15 Қыркүйек, 2017 Саясат

Назарбаев қазақ жастарына арналған болашақтың үш мәселесін айтты (видео)

Президентке «Қамшы» ақпарат агенттігі жетекшісі Біләл Қуаныш сауал қойды.

14 қыркүйек күні Ақордада отандық және шетелдік журналистермен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел өміріндегі маңызды көптеген сауалдар туралы пікірін білдірді, деп жазады Qamshy.kz. Президентке «Қамшы» ақпарат агенттігі жетекшісі Біләл Қуаныш: «Елдің болашағы жастардың қолында» деп жиі айтасыз. Бүгінгі жастар мәселесінде сізді не толғандырады. Жалпы бүгінгі жастардың тәрбиесіне қатысты ойыңызды білгім келеді», - деп сауал қойды.

«Оны біз айтып жүрміз. «Рухани жаңғыруда» айтылған мәселенің ішіндегі көбісі жастарға арналған болашақтың мәселесі. Бірінші, жастарға айтатыным бүгінгі заманда білім керек, ғылым керек. Тек қана сауатты ел, тек қана білімге ұмтылған ел бүгін алдыңғы қатарда болады. Шетелде де оқытатын, ішімізде де әр жерде мектептерге көңіл бөліп жатқанымыз, интеллектуалдық мектеп, жаңадан университеттер салып жатқанымыз, мектептеріміз жастар үшін.

Екінші, Қазақстанның жастары үшін Отансүйгіштік. Тәуелсіз Қазақстанды қолда ұстап тұру үшін Отанды сүю керек. Бұл Қазақстан жастардың Қазақстаны. XXI-XXII ғасырдың, арғы ғасырлардың Қазақстаны. Осы мемлекетті абыройлы қып ұстау үшін Қазақстанды жанындай сүюі керек.

Үшінші, Дүниеде неше түрлі діни ағымдар бар. Сирияда қақтығыстар болып жатыр. Олар әр жерден жастарды шақыртып соғысқа бейімдеп, соғыстырып жатыр. Содан кейін елдеріңе қайтып, лаңкестік жасаңдар деп оған үйретіп жатыр. Біздің жастарымыз құдай сақтап ондай жағдайға түспесін деп ойлаймын, ол жерде ешқандай болашақ жоқ», - деп жалғады президент өз жауабын.  

«Бұрын да айтқанмын, қазір де айтайын. Біздің қазақтың қыздары, жалпы әйел азаматтары еш уақытта бетін бүркемеген. Қыздарымыз бұрымдарын салбыратып, шолпыларын сыңғырлатып жүретін. Біздің аналарымыз батыр болған. Ерлерінің жанында жүріп соғысқан, қолына найза алған. Сондықтан сонша ғасырлық тарихымызды алып келіп, бүгін басқаша жолға түсеміз бе? Шалдардың шолтитып шалбар кигендерін қайдан көрдіңіздер? Сақалын беліне түсіріп жүру мұсылмандықтың кәдесі емес қой. Қай құранда жазылған? Бұл салтымызды бұзады. Мұнда тұрған қандай ерекшелік бар? Оған кім қызығады? Сондықтан ол біздікі емес. Мен бұл туралы бір рет айттым. Мен айтқаннан кейін орындататын адаммын. Сондықтан жастарға осылардан аулақ болыңдар деймін», - деді Қазақстан Президенті.

Мұнан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі таңда отандастарымыз соғысып жүрген аймақтардағы жағдайдың өте ауыр екенін баса айтты.

«Дүниеде неше түрлі діни ағымдар бар. Сирияда қақтығыстар болып жатыр. Олар әр жерден жастарды шақырды, ақша төледі. Оларды соғысқа бейімдеп, соғыстырды. Содан кейін «елдеріңе қайтып, лаңкестік жасаңдар» деп оған үйретіп жатыр. Бізден де барып жатқан адамдарды білемін. Ол жастар өзінің орнын осы жерде таба алмаған, не жұмысқа орналаспаған не білім алмаған. Ана жақта қаражат төлейміз дегеннен кейін соған барып алданып қалады. Сол жаққа отбасын да апарғандықтан олар кете алмайды», - деді Мемлекет басшысы.

Qamshy.kz

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір